Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Алматы жұртшылығына сайлау процесінің мәселелері жайында айтады

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Алматы жұртшылығына сайлау процесінің мәселелері жайында айтады
Сурет: Egemen.kz

Кездесу 20 сәуір күні өтеді.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматыдағы қоғам өкілдерімен және жастармен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу аясында сайлау процесінің мәселелері талқыланады. Қоғам өкілдерімен сағат 10, ал жастармен сағат 15 жүздеседі.

Кездесудің өтетін орны: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ механика-математика факультетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы үлкен залы («Қызыл зал»), Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71.