Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті

Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Cурет: ОСК

Депутат В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді

2022 жылғы 12 наурызда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимі арқылы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ОСК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ортсайлауком Төрағасы Нұрлан Әбдіров, сондай-ақ ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина және Шавхат Өтемісов отырысқа Ақмола облысындағы іс-сапар барысында қатысты.

«Отырыста Ортсайлауком мүшелері «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы» қаулы қабылдады»,-делінген хабарламада.

Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты В.И. Тохтасуновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп қаулы етті.

Депутат В.И. Тохтасуновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілді.