Орталық қалалық клиникалық ауруханада дәрігерлер алғаш рет кіші жамбас көктамырына заманауи әдістеме - эмболизация жасады

Орталық қалалық клиникалық ауруханада дәрігерлер алғаш рет кіші жамбас көктамырына заманауи әдістеме - эмболизация жасады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Кіші жамбас көктамырының түйіліп кеңеюі әдетте бала табуға қабілетті жастағы әйелдердің арасында кеңінен таралады.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада кіші жамбас көктамырына эмболизация жүргізу бойынша инновациялық мастер-класс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алғаш рет ОҚКА рентген хирургы Сұлтан Илиев эндоваскулярлы хирург Қастер Байжанұлымен бірлесе отырып көптеген уақыт бойы кіші жамбас көктамырының түйіліп кеңеюімен ауырған 30 жастағы қызға кіші жамбас эмболизациясын жасады.

Бұл - қанның жыныс мүшелері арқылы ағатын тамырларының кеңеюі. Сондай-ақ көктамыр ауруы диаметр шегінде он миллиметрге дейін кеңейеді де, жүйке талшықтарының қысылып ауруына әкеледі.

Бұл дегеніміз - тіршілік ету сапасының төмендеуі, психоэмоционалды күйзеліске түсуі, отбасылық түсініспеушілік пен науқастардың әлеуметтік бейімсізденуі. Өкінішке орай, жамбас (кіші) көктамырларының кеңеюіне байланысты кіші жамбас көктамырының түйіліп кеңеюінің 15-20% көбінесе әйелдер арасында кездеседі. Кіші жамбас көктамырының эмболизациясы - бұл созылмалы жамбас ауруына апаратын, жамбас пен аналық бездің көктамырын желімдеуге бағытталған ем түрі.

«Кіші жамбас көктамырының түйіліп кеңеюінің таралуы жас ерекшелігіне қарай ұлғаюда. Жамбас көктамырының патологиясы көбінесе 25-45 жас тобындағы науқастарда репродуктивті кезеңде анықталады. Кіші жамбас көктамырларының эмболизациясы- 20-30 минут ғана уақыт алатын ем түрін шұғыл жүргізудегі заманауи инновациялық әдістеменің бірі. Кіші жамбас көктамырына эмболизация жүргізу үшін, жергілікті анестезия қолданылып, науқас бірер сағаттан соң өз бетімен жылжып қозғала бастады», - деді Сұлтан Илиев.

Маманның айтуынша, аталмыш әдістемені қолданудан кейін оңалту кезеңінде аз ғана уақыт ауырсыну болады. Тіпті 1-2 айдан соң науқас көктамырының түйіліп кеңеюі ауруын ұмытып та кетеді.

«Емдік араласудан кейінгі бірнеше аптадан соң бала туу қабілеті қалпына келіп, кіші жамбас жағындағы ауырсыну жоғалады», - деп түйіндеді өз сөзін.