Орман өрті күллі Еуропаны шарпыды

Орман өрті күллі Еуропаны шарпыды
travelask.ru

Испанияның Валенсия аймағында сұрапыл орман өрті жұрттың берекесін қашырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Тілсіз жау елді мекендерге таяп, тұрғындарға қауіп төндіре бастаған. Мыңдаған адам шұғыл түрде эвакуацияланды. Жалын осы уақытқа дейін 7 мың гектардан астам жерді жалмаған. Алапат өрттен Испания ғана зардап шекпеді. Биыл тілсіз жау күллі еуропаны шарпыды.

"Еуропа Пресс" агенттігі келтірген дерекке сүйенсек, биыл Румынияда 250 мың гектар, Португалияда 75 мың, Францияда 60 мың гектардан астам орман алқабы күлге айналған. Ал жалпы еуропалық одақ аумағында 658 мың гектар жасыл желек жанып кеткен.