Өрендер жасаған сырғалар әдемі

Өрендер жасаған сырғалар әдемі Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі алматылық жеткіншектер үшін түрлі танымдық, рухани іс-шараларды жиі өткізеді. Солардың бірі – «Музейдегі демалыс» бағдарламасы.


Жуырда  аталған бағдарлама шеңберінде «Ұлттық әшекей бұйымдары» тақырыбында «шеберлік сабағы» өтті. Балалар фетра материалына жылтыр жапсырмалар, моншақтар жабыстырылған және түрлі жіптермен зерделенген сырғалар жасады. Олардың өз қолдарымен жасаған қолөнер туындылары ерекше әдемі шықты. Өйткені «шеберлік сабағында» кілең өнерді сүйетін, шығармашылыққа жақын, ұлттық қолөнердің бағасын кішкентай жүрегімен сезінетін дарынды өрендер отырды.


Сондай-ақ сабақ барысында оларға қазақ халқының зергерлік бұйымдары – білезік, сақина, алқа, шолпы, шашбау, өңіржиек  жайында құнды ақпараттар айтылды. Сонау бабалардан қалған зергерлік өнердің ұмытылмай, бүгінгі күнге дейін жетіп отырғаны ұрпақ һәм ұлттық құндылығымыз үшін керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37