Өрендер қызыққа кенелді

Өрендер қызыққа кенелді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әр адам Жаңа жылдан жақсылық күтеді, ал кішкентай балдырғандар Аяз атаның тәттілер мен сыйлықтар беретініне сенеді.

Алматы қаласындағы мемлекеттік қуыршақ театрында әскери қызметшілердің балаларына арналған Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шыршасы өтті. Қуыршақ театрының артистері балаларды бірден құшаққа алып, баурап әкетті. Кейіпкерлері көп сиқырлы әлемге тап болған балақайлар жаңажылдық сахнадан көз алмай, тапжылмай тамашалады. Ертегі кейіпкерлері балалармен бірге интерактивті ойын ойнап, ән де салып, шыр айнала би де биледі. Жаңажылдық мерекенің  қызықты өткені соншалық, қызыққа көмілген балалар әр көрініс сайын мәз болып, ду еткізіп қол шапалақтап, сәт сайын шаттанып отырды.

Жаңажылдық іс-шарада «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Ниязтай Әлкешев бүлдіршіндерге қолбасшының және қалалық мәслихат депутаты Шухрад Шардиновтың атынан сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ, шырша мерекесіне өңірлік қолбасшылықта қызмет атқарған офицер марқұм Аслан Абжановтың қызы Амира да арнайы шақырылып, генерал-майор Талапкер Әміреевтің атынан сыйлық табысталды.