Оразаға қатысты барлық мәліметті бір жерден табасыз

Оразаға қатысты барлық мәліметті бір жерден табасыз
inform.kz

Алматыда «ramadan 2022.kz» арнайы мобильді сайты іске қосылды

Алматыда «ramadan 2022.kz» арнайы мобильді сайты іске қосылды. Онда Оразаға қатысты барлық мәліметтерді алуға болады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Алматы өкілдігіне қарасты «azan.kz» сайтына бір күнде 20 мыңнан астам оқырман кіреді. Ал Рамазан айында Оразаға қатысты мәлімет іздеушілер саны бір тәулікте 50 мыңнан асып жығылады. Сайтқа бір мезетте кірушілердің көп болуынан сайт жұмысы тоқтап қалатын кездер де болады. Сол себепті «azan.kz/kz/ramadan» парақшасын қазақ-орыс тілдерінде қосымша ұсынып отырмыз. Одан бөлек жаңадан «ramadan2022.kz» мобильді сайты да іске қосылды. Бұл сайтта Оразаға қатысты мәліметтер мен қатар Алматы орталық мешітте айтылатын уағыз кестесі, тарауық намазында құран хатым түсірілетін мешіттер, халал сертификатын алған мейрамханалар тізімі тағы басқа да ақпараттар енгізілген», - деді спикер.

Рамазан айы мен дінге қатысты мәселелер бойынша Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы жанындағы Діни ақпарат орталығынан да кеңес алуға болады.

Орталықтың телефон нөмірі: 8 (7172) 33-30-30.

Бас имам Алматы Орталық мешітінің телефон нөмірлерін де берді:

8 (727) 329 09 66, 8 700 719 76 22.