Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Қазақстаннан 145 ресейлікті алып кетті

Қорғаныс министрлігінің ұшақтары Қазақстаннан 145 ресейлікті алып кетті
Сурет: Ren.tv

Ресей қорғаныс министрлігінің әскери-көлік ұшағы 145 ресейлікті Алматыдан алып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН-тв сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы қорғаныс істері басқармасынан хабарлады.

Қазақстанға туристік жолдамалармен, іссапармен және туыстарына демалысқа келген азаматтар Ил-76 ұшағымен Мәскеу түбіндегі Чкаловский әуежайына жеткізіледі.

«Ресей Аэроғарыш күштері әскери-көлік авиациясының бортында Ресей азаматтары бар тағы бір ұшағы  Алматы (Қазақстан Республикасы) аэродромынан Мәскеуге ұшты», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ресейдің аэроғарыш күштері Қазақстаннан жалпы саны 1700-ден астам адамды эвакуациялағаны хабарланған болатын.