Оралханның музейі мемлекетке берілді

Оралханның музейі мемлекетке берілді
Сурет: Еgemen.kz

Биыл жазушының туғанына 80 жыл.

Жазушы Оралхан Бөкейдің музей-үйі мемлекет меншігіне берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Музей-үй осы уақытқа дейін жазушының қарындасы Ғалия Бөкейдің меншігінде болған. 

20 жылдай жабық тұрған Оралхан Бөкейдің Шыңғыстағы музей-үйі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Аудан әкімі Ділдар Қалиханның айтуынша, енді үйдің іші-сыртына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал мұражайдың алдына жазушының жаңа мүсіні қойылады.

Оралхан Бөкейдің қарашаңырағы бұған дейін де музей ретінде ашылған. Бірақ белгісіз себеппен жабылып қалған.