Оралхан Сейдманов: Вакцина үлкен кеселден сақтайды

Оралхан Сейдманов: Вакцина үлкен кеселден сақтайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Екпенің насихатын маркетингтік тұрғыдан  сауатты жүргізу керек.

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Вакциналаудың маңыздылығы туралы» тақырыбында онлайн баспасөз-конференциясында исламтанушы, теолог, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Оралхан Сейдманов осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Вакцинаға қатысты дін қызметкері не дейді деп емес, ғылым не дейді деп қарауымыз керек. Өйткені біздің дініміз «Оқы» деген аятпен басталады. Дегенмен дін қызметкері дегеннің әртүрлі санаты, әртүрлі дәрежесі болғандықтан, дін қызметкері емес, дініміз не дейді деп сұраған дұрыс», -деді теолог.

 Исламтанушының айтуынша, екпе алуда дамыған елдерден үлгі алуымыз қажет.

 «Білмесеңдер, білім иесінен сұраңдар» деген хадис бар, сондықтан вакцина бола ма, болмай ма дегенді әркімнен емес, сол туралы сауаты бар адамнан сұрау керек. Қазір алдыңғы қатарлы елдің бәрі екпе алып бітті деп жатыр, біз басқа нәрседе оларға еліктеп, қазір неге үлгісін алмаймыз? Мүмкін, екпенің насихатын маркетингтік тұрғыдан дұрыс сауатты жүргізу керек шығар. Сонда халықтың да екпеге деген көзқарасы өзгерер еді деген пікірдемін. Мысалы, қолыңды жумасаң не болатыны туралы балаларға арналған видеролик бар ғой, сол сипатты насихат керек. Вакцина сізді үлкен кеселден сақтау мақсатында денеңізге енгізіледі», -деді Оралхан Сейдманов.