ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо қайтыс болды

ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо қайтыс болды
Сурет: Inform.kz

ОПЕК-тің бас хатшысы Мохаммед Баркиндо Нигерия елінде қайтыс болды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баркиндо кеше түнде 63 жасында дүние салды. Нигерия мемлекеттік ұлттық мұнай компаниясының басқарушы директоры Меле Кьяри Twitter-де осылай деп жазған.