Оңтүстік Кореяда іздеуде болған екінші қазақстандық табылды

Оңтүстік Кореяда іздеуде болған екінші қазақстандық табылды
Сурет: ашық дереккөз

Ол полицияға өз еркімен берілген.

Корея Республикасының Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетіп, іздеуде болған екінші қазақстандық табылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі отандасымыздың Корея Республикасының тәртіп сақшыларына өз еркімен берілгенін мәлімдеді.

«Шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздеуде жүрген Қазақстанның екінші азаматы өз еркімен корей полициясына берілді. ҚР Елшілігі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстайды және барлық отандастарымызға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.