Оңтүстік Кореяда 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті

Оңтүстік Кореяда 22 экипаж мүшесі бар жүк кемесі суға батып кетті
Сурет: Ашық дереккөз

Екі экипаж мүшесі құтқарылған, қалғандары іздестіріліп жатыр

Оңтүстік Кореяның Чеджу аралында бортында жүк кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарата сілтеме жасап.

Кеме бортында 22 экипаж мүшесі болған: 14 КХР азаматы және сегіз Мьянма азаматы.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, Гонконгта тіркелген Jin Tian кемесі ағаш тасыған. Ол сәрсенбі күні түнде Чеджу аралында Согвипхо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 148,2 шақырым жерде батып кетті. Жағалау күзетінің мәліметінше, екі экипаж мүшесі құтқарылған, қалғандары іздестіріліп жатыр.