Оңтүстік Корея мен Қазақстан бірқатар салалар бойынша байланысты нығайтпақ

Оңтүстік Корея мен Қазақстан бірқатар салалар бойынша байланысты нығайтпақ
Сурет: Egemen.kz

Солтүстік Чолла провинциясына Алматы облысынан арнайы делегация барды.

Екі ел фармацевтика, темекі өндірісі және ауыл шаруашылығы салаларындағы байланысты дамытпақ.

Солтүстік Чолла провинциясы мен Алматы облысының табиғаттары ұқсас. Бұл аймақта 2 миллионға жуық адам тұрады. Және мұнда ауыл шаруашылық саласы жақсы дамыған. Солтүстік Чолла – көкөніс пен жемістің Оңтүстік Кореяның ең ірі өндірушісі. Сондықтан келіссөздер негізінен агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық туралы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оңтүстік Кореяның ауылдарында мамандар тапшы. Сондықтан 2021 жылдан бастап үкімет 39 жасқа дейінгі жастарды ақылды фермаларды басқаруға тегін үйрете бастады. Олар 2 жыл оқып, айына 700 доллардай шәкіртақы алады. Ал оқуды бітіргеннен кейін түлектерге жеңілдікпен жер жалға беріледі. Жас маман ақылды ферманың көмегімен 3 жылда 100 000 долларға дейін табыс таба алады. Оқу орталығының құрылысына 89 миллион доллар жұмсалған. Бұл қаржының 70 пайызы мемлекеттік бюджеттен, 30 пайызы жергілікті қазынадан бөлінген.

«Бізге де ол өте қолайлы өйткені бүгінгі күнге жастар көбісі жермен айналысқысы келеді, қайтадан ауылға қайтқысы келеді. Бірақ оған білім керек, бүгінгі технологияларға, бүгінгі заманауи білім керек. Сонымен бұлардың смарт фермасы тек қана ферма мен теплица емес жалпы мынау жастарды тартып оларға компетенцияларын жоғарылатып ары қарай бизнеске өздерінің жобаларын ісін бастауға осындай жұмысты атқарады екен», - дейді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев. 

Кореялықтар  Алматы облысы, Қарасай ауданында зауыт салу мәселесін талқылады. Жоба келесі айда басталады деп жоспарлануда. Зауыт алдағы уақытта фармацевтикалық өнімдер

«Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп темекі саласын дамытамыз. Техникалық мүмкіндіктеріміз бен сапамызды пайдалана отырып, біз зауыт саламыз. Өндірісте қазақстандық және импорттық шикізатты пайдаланатын боламыз. Бүгін Ресейде, Түркияда, Индонезияда зауыттарымыз бар», - дейді темекі зауытының директоры Мен Кен Хо.

Қазақстан мен Корея мәдени салада да ынтымақтастықты тереңдетуге келісті. Осы мақсатта келер айда провинция делегациясы Қонаевқа келеді. Ал қараша айында Солтүстік Чоллада Алматы облысының ірі компанияларының қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарланды