Өңірлерге жұмысқа барған мұғалімдерге қосымша ақы төленеді

Өңірлерге жұмысқа барған мұғалімдерге қосымша ақы төленеді
Сурет: Ult.kz

Алматы, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында педагогикалық кадрлар қажет.

Үкіметтің 16 қыркүйектегі қаулысымен мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әңгіме мұғалімдер тапшы өңірлерге жұмысқа қабылданған үздік мұғалімдерге қосымша ақы белгілеу туралы.

Осылайша мұғалімдер тапшы өңірлердегі орта білім беру ұйымдарында жұмыс істегені үшін қосымша ақы лауазымдық жалақының 150%-ы болады.

Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы (тарифтік ставкасы) негізгі лауазымдық жалақысын (17 697 теңге) атқаратын лауазымына және еңбек өтіліне байланысты бекітілген тиісті коэффициенттерге көбейту арқылы айқындалады.

Арнайы мемлекеттік бағдарлама 2022 жылдың 1 қыркүйегінен 2027 жылдың 25 мамырына дейін әрекет ететін мұғалімдер тапшы өңірлерді қолдаудың бірқатар шараларын қарастырады.

Бағдарламаның мақсаты – білікті және ынталы мұғалімдерді тарту мен ұстап қалудың тұрақты моделін құру арқылы өңірлердегі білім сапасын арттыру.