Өңірлерді бағалау матрицасы жарияланды

Өңірлерді бағалау матрицасы жарияланды
Cурет: 24.kz

Елдің басым бөлігі «жасыл» аймақта

Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2022 жылғы 19 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта : Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.