Өңірлерде тұрақтандыру қорларынан пияз сатыла бастады

Өңірлерде тұрақтандыру қорларынан пияз сатыла бастады
сурет: gov.kz

Қазір өңір қоймаларында 38 мың тоннаға жуық пияз сақтаулы.

Қазақстан өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз жеткізіле бастады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінен мәлімдеді деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге шаруа қожалықтарының қоймаларында пияздың бар-жоғын және жай-күйін тексерді. Анықталғандай, қазір өңір қоймаларында 38 мың тоннаға жуық пияз сақтаулы.

Жамбыл облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтің айтуынша, облыста пияз күзде сатып алынған. Бүгінде бұл көкөніс 40-қа жуық сауда орындарына келісі үшін 115 теңгеден жеткізіліп жатыр. Ал дүкендер 128 теңгеден сатуда. А.Сейсебаев пияз қоры басқа өңірлерге жеткізу үшін де жеткілікті екенін атап өтті.