«Өнермен өрілген ғұмыр»

«Өнермен өрілген ғұмыр»
Суреттерді түсірген Самат Құсайынов

Алматы метрополитенінің «Мәскеу» бекетінде Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100-жылдық мерейтойына орай «Өнермен өрілген ғұмыр» атты шығармашылық көрмесі өтті.

Аталмыш іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Халықаралық «ТҮРКСОЙ» Мәдени ұйымының қолдауымен Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры ұйымдастырды.

Көрмеде актрисаның сахнада киген костюмдері, өзі тіккен көйлектері мен сөмкелері, пайдаланған жеке заттары мен экспонаттары, медальдері, фотосуреттері қойылды.

Шығармашылық көрмеге Бикен Римованың замандастары, сахнадағы әріптестері және театр өнерінің майталмандары мен зиялы қауым өкілдері қонақ болды.