Он үш жастағы Заңғар Нұрланұлы теннистен Париждегі турнирдің финалисі атанды

Он үш жастағы Заңғар Нұрланұлы теннистен Париждегі турнирдің финалисі атанды
Сурет: Elorda.info

Франция астанасы Париж қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша бірінші санаттағы турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, айтулы додаға әлемнің 30 елінен 160-тан астам жас ойыншы қатысты.

Қазақстаннан жарыстың бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлымен бірге Даниэль Тазабеков, Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Ариана Гогулина бақ сынады.

Заңғар Нұрланұлы финалда тартысты матчта германиялық Нильс Макдональдқа есе жіберді – 6:7 (4:7), 4:6.