Оң өзгеріске бастар жол 

Оң өзгеріске бастар жол 
Сурет: Ult.kz

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы нақты қадамдардың бастауы болды. Жолдаудағы жүзеге асырылатын саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс- шаралардан халқымыз да, біз де үлкен үміт күтеміз. 

Азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек деген Мемлекет басшысы білім сапасына қатысты бірқатар өзгерістер қолға алынатынын мәлім етті. Білімді ұлт, сапалы білім беру ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталған. Жолдауда әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алу, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау, үш ауысымдық мектептердің санын азайту мәселелері қарастырылған. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған әлеуметтік салалар: декреттік төлем мерзімін ұзарту, әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жастан болуы, Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігін балалардың есепшотына аудару, білім алу үшін жеңілдетілген несие беру сияқты тапсырмалар ел болашағының жарқын көрінісін көрсетті. Жаңа Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мақсаты – іріткі салатын емес, ізгілік сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеу. Бұл – Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық құқығының сақталуын көрсетеді. 

Біздер, білім саласының қызметкерлері егемен еліміз алған биіктер мен табыстар бірліктің, адал тірліктің арқасында келіп отырғанын жастардың бойына сіңіру, аға ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауға үйрету – педагог парызы деп білеміз. 

Сондықтан біздер, педагогтар қауымы уақыт рухын сезіндіретін Жолдауға сеніммен қарап, азаматтық қолдау танытып, біртұтас ұлтымыздың берекелі қоғамды жасауына өз үлесімізді қосамыз.