Omir Жапонияда шырқалады

Omir Жапонияда шырқалады
Сурет: dimashnews.com
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа синглі 1 маусым күні Жапонияның радиоларында шырқалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Әншінің жеке сайтының ақпаратына сәйкес, жаздың бірінші күні жапон радиосының толқынында More Music бағдарламасының World Music Scene бөлімінде қазақ эстрадасының жұлдызы Димаш Құдайбергеннің «Omir» композициясы шырқалады.

Димаштың парақшасында жазылғандай, жапондық радиобағдарламаның жүргізушісі Като Кадзужи қазақстандық өнерпаздың жаңа композициясын естіп, өз әсерімен бөлісті.

«Осы әнді тыңдай отырып, Димаштың алға, тек алға ұмтылатын күшті ерік-жігерін сезінемін. Өмірді бір рет тыңдаған соң, қайта-қайта тыңдағың келетіні сөзсіз!»

Сондай-ақ, бағдарлама аясында жапон диджейлері Ерке Есмаханның «Батыр Мәншүк», HammAli & Navai, Jah Khalib «Боже, как завидую» әндерін эфирге шығарады.

24 мамырда 29 жасқа толған күні Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне жаңа ән мен оған бейнебаян тарту етті. Оның айтуынша, Димаш «Omir» композициясын барша жанкүйерлеріне арнаған.