"Омикронның" жаңа штамын жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді

"Омикронның" жаңа штамын жұқтырудың бірінші дерегі тіркелді
inform.kz

Оңтүстік Кореяда "омикрон XL" штамын жұқтырған алғашқы науқас тіркелді.

Оңтүстік Корея билігі коронавирустың "омикрон XL" штамын жұқтырудың бірінші дерегі тіркелгенін растады. Бұл туралы елдің жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі штабы мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

XL гибридті штамын жұқтырған науқас 23 наурызда қайта егілген. Одан аурудың белгілері қатты байқалмайды. Корея ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, елде COVID-19 инфекциясын 210 755 адам жаңадан жұқтырған. Науқастар саны 15 635 274 адамға жетіп отыр.

Елдің қоғамдық денсаулық сақтау агенттігінің хабарлауынша, 171 науқас қайтыс болған.