«Омикронның» кең таралған белгілері қандай?

«Омикронның» кең таралған белгілері қандай?
Сурет: News.un.org

Коронавирустың бұл штамы мен тұмау белгілері ұқсайды

Ұлыбританиялық доктор Клэр Стивс коронавирустың омикрон штамы белгілері тұмауды еске түсіретінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Маманның айтуынша, жаңа штамм вирустың басқа түрлеріне қарағанда тезірек жұғады, бірақ оның белгілері жеңілірек. Оның ішінде көбіне адамдардың басы ауырады, мұрны бітеді және тамағы ауырады. Сондай-ақ "омикрон" штамын жұқтырғандар қатты әлсіреп, дене қызуы көтерілгенін, басында “тұман” пайда болғанын, аяқ-қолы қақсағанын және түнде терлегенін айтып шағымданады.

Мұның алдында АҚШ пен Жапония ғалымдары "омикронның" жеңілірек өтетінін, ол көбіне өкпені емес, жоғарғы тыныс алу жолдарын – мұрын мен жұтқыншақты зақымдайтынын айтқан болатын.