«Омикронға» шалдыққандар қандай тағамнан бас тарту керектігі айтылды

«Омикронға» шалдыққандар қандай тағамнан бас тарту керектігі айтылды
Сурет: Foodbay.com

Балмұздақ жеуге болмайды.

Диетолог  мамандар «омикронмен»  ауыратын науқастар қала тамақтану керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Диетологтардың  айтуынша, коронавирустың осы штамына шалдыққан адамдар тәтті десерттерден, соның ішінде балмұздақтан бас тартуы керек. Себебі құрамындағы қант иммундық жүйені «тежейді» және адамның сауығуына үлкен кедергі келтіреді.

Дұрыс тамақтану инфекцияны жеңуге көмектеседі. Диетологтың айтуынша, тұтынатын тағамдар жоғары калориялы және  тағамдық құндылығы жоғары болуы қажет. Көкөністерді пісіріп тұтынған абзал, сондай-ақ күнделікті асқа ақуыз өнімдерін қосу керек.