"Омикрон" штамы вакцинаны алмастырады" деген ойға қатысты иммунолог пікірі

"Омикрон" штамы вакцинаны алмастырады" деген ойға қатысты иммунолог пікірі
Сурет: Inform.kz

Иммунолог алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырады

Иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков "омикрон"штамы коронавирустық вакцинаны алмастыра алады деген пікірді жоққа шығарды. Бұл туралы ол "Вечерняя Москва" басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі РЕН-тв-ға сілтеме жасап.

Крючков мұндай мәлімдемелер вакцинациялау қарқынын бәсеңдетуі мүмкін екендігіне назар аударды. Себебі бұған сеніп, кейбір адамдар екпе алудан бас тартуы мүмкін, дейді. 

«Оларға тіпті хабарлап та үлгерген. Жаңа жылға бізде сыйлық бар: тірі, тегін вакцина, ешқайда барудың да қажеті жоқ. Ауруды қайта жұқтырамыз - содан кейін бәрі жақсы болады дегендей», - деп толықтырған иммунолог коронавирустың жаңа түрінің қауіпті екенін ескертті. 

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Африкада COVID-19 жаңа мутациясы табылды. Бүгінгі таңда бұл штамм 40-қа жуық елде табылды. Абырой болғанда, әзірге өлім жағдайлары әлі тіркелген жоқ. Сондай-ақ, "омикрон" ауруының тез таралуына қарамастан, науқастардағы аурудың өзі "дельта" штамымен ауыратындарға қарағанда жеңіл және тез жүретіні белгілі.