Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы: Пандемия әзір аяқталмайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы: Пандемия әзір аяқталмайды
Сурет: Gazeta.ru

Вакциналар әлі де аурудың ауыр зияны мен өлімнен күшті қорғаныс береді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы "Omicron" штамының тез таралуы мен инфекциялардың рекордтық санын ескере отырып, COVID-19 пандемиясы «аяқталған жоқ» деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Тедрос Адханом Гебрейюс 18 қаңтар күні  басқа штамдарды жұқтырғаннан кейін "Omicron" жеңілірек болып, қауіп төндірмейді деген жаңсақ пікірден аулақ болыңыздар деп еді.

"Омикрон" қатты ауыр болмауы мүмкін, бірақ бұл жеңіл ауру деген әңгіме қате. Қателеспеңіз. "Omicron" ауруханаға жатқызып қана қоймай,  өлімге әкеледі, қазірдің өзінде ауруханалардың жүктемесі  шамадан тыс болып тұр», - деді Гебрейюс ДДҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде.

Басқа штамдардан тез жұққыштығымен ерекшеленетін "Omicron" қазір әлемнің бірақ бөлігіне таралып кетті, Бразилиядан бастап Францияға дейінгі елдер инфекция жұқтыру жөнінен рекордтық көрсеткіштерге жетті. Дәлелдер қазіргі COVID-19 вакциналарының "Omicron" инфекциясының алдын алуда тиімділігі төмен екенін көрсетеді, бірақ вакциналар әлі де аурудың ауыр зияны мен өлімнен күшті қорғаныс береді.