Алматылық балалар "омикрон" жұқтырған жоқ

Алматылық балалар "омикрон" жұқтырған жоқ
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

Алматыда балалар арасында "омикрон" штамы анықталған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Бүгінгі күні коронавирус жұқтырған алматылық балалардан омикрон штамы табылған жоқ», - деп хабарлайды департаменттен.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, инфекциялық ауруханаларда коронавирус жұқтырған 154 бала емделіп жатыр.

Мегаполисте 25 447 жасөспірім Pfizer вакцинасын салдырды.