Гинцбург «Sputnik V-тің» «омикронға» қарсы тиімділігі шамамен 75% екенін айтты

Гинцбург «Sputnik V-тің» «омикронға» қарсы тиімділігі шамамен 75% екенін айтты
Сурет: Stimul.online

Sputnik V және басқа вакциналардан кейін де профилактикалық мақсатта егу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Гамалея орталығының директоры Гинцбург  Sputnik Light арқылы қайта вакциналанған кезде адам «омикроннан» 100% қорғалатынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Тass.ru сайтына сілтеме жасап.

"Omicron" коронавирусының жаңа штамына қарсы Sputnik V вакцинасының тиімділігі шамамен 75% құрайды, дейді орталық директоры Александр Гинцбург.

«Жалпы популяцияда Omicron-ға қарсы Sputnik V вакцинасының тиімділігі 75% құрайды. Егер Sputnik Light көмегімен ревакцинация жасалса, онда Omicron-нан 100% қорғайды», - деді ол.

Гинцбургтың айтуынша,  қайта вакцина жасамаған адамдарда алты айдан кейін Sputnik V тиімділігі шамамен 56-57% болады.

«Әр жарты жыл сайын Sputnik Light арқылы қайта вакциналау қажеттілігі туралы ұсынымдар мен деректердің расталғаны анық», - деді ол.

Ол Sputnik Light қазіргі уақытта Sputnik V және басқа вакциналардан кейін де профилактикалық мақсатта егу үшін пайдаланылуы мүмкін екенін айтты.

«Sputnik V-тің Omicron штамына қатысты тиімділігінің төмендеуі сегіз есе, бұл қорғаныс үшін жеткілікті  болады, ал басқа вакциналардың төмендеуі 21 есе.  Айырмашылық айқын. Сондықтан бүгінгі күні бізде тиімділігі жоғары вакцина бар деп айта аламыз, ол күшейтетін компонент түрінде дұрыс қолданылса, біздің халықты қорғаудың барлық міндеттерін толығымен шеше алады», - деп түйіндеді ғалым.