Олжас туралы 5 қызықты дерек

Ғаламдық деңгейдегі мэтр, түркі әлемінің аңыз адамы Олжас Сүлейменовтың біз  біле бермейтін қырлары мен хоббиі жайында 5 қызықты мәліметті ұсынамыз.

  • АЗиЯ еңбегі үшін кеңестік цензура құрсауына қатты түскен. Тіпті ату жазасына кесіле жаздаған. Сол кездегі Қазақстанның бірінші хатшысы Д.Қонаев кітапты одақ басшысы Л.Брежневке оқытып, ақынды арашалап қалады.
  • Ол көшбасшысы болған «Невада-Семей» қозғалысы (1989 жыл) бүкіл дүниежүзіндегі 5 полигонның жабылуына ықпал етіп, адамзат тарихындағы  жаппай қырып жою қаруынан бас тартуға негіз болды.
  • Әлемдік дәрежедегі шайырдың хоббиі – волейбол. Қоғам қайраткері «волейбол – интеллигенция ойыны» деп бағалайды. Аталған спорт түрінен өз командасы бар және өзі соның капитаны. Тіпті қазіргі таңға дейін құмартушылығы азаймаған. Волейболдан дәстүрлі турнир өткізіліп тұрады. Жарыстың жүлдесін өзі тағайындайды.
  • Олжас Омарұлы 1977-1995 жылдар аралығында Қазақстан шахматшылар қауымдастығының төрағасы болды. Шахмат оның ең сүйікті ойыны.
  • Ең қызығы оның «1001 сөз» атты зерттеуі әлі күнге жарыққа шықпаған. Бұның жазылып келе жатқанына 40 жылдан астам уақыт өткен.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *