Олжас туралы қызықты бес дерек

Олжас туралы қызықты бес дерек
Сурет: Konkret.az

Ғаламдық деңгейдегі мэтр, түркі әлемінің аңыз адамы Олжас Сүлейменовтың біз  біле бермейтін қырлары мен хоббиі жайында қызықты бес мәлімет.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында қазақтың атақты ақыны Олжас Сүлейменов 85 жасқа толды. Осы мерей тойға орай ақынның көп халық біле бермейтін қырлары белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

• АЗиЯ еңбегі үшін кеңестік цензура құрсауына қатты түскен. Тіпті ату жазасына кесіле жаздаған. Сол кездегі Қазақстанның бірінші хатшысы Д.Қонаев кітапты одақ басшысы Л.Брежневке оқытып, ақынды арашалап қалады.
• Ол көшбасшысы болған «Невада-Семей» қозғалысы (1989 жыл) бүкіл дүниежүзіндегі 5 полигонның жабылуына ықпал етіп, адамзат тарихындағы  жаппай қырып жою қаруынан бас тартуға негіз болды.
• Әлемдік дәрежедегі шайырдың хоббиі – волейбол. Қоғам қайраткері «волейбол – интеллигенция ойыны» деп бағалайды. Аталған спорт түрінен өз командасы бар және өзі соның капитаны. Тіпті қазіргі таңға дейін құмартушылығы азаймаған. Волейболдан дәстүрлі турнир өткізіліп тұрады. Жарыстың жүлдесін өзі тағайындайды.
• Олжас Омарұлы 1977-1995 жылдар аралығында Қазақстан шахматшылар қауымдастығының төрағасы болды. Шахмат оның ең сүйікті ойыны.
• Ең қызығы оның «1001 сөз» атты зерттеуі әлі күнге жарыққа шықпаған. Бұның жазылып келе жатқанына 40 жылдан астам уақыт өткен.