Олжас Сүлейменов партия төрағасы болып сайланды

Олжас Сүлейменов партия төрағасы болып сайланды
Сурет: Zakon.kz

Алматыда «Қазақстан халық конгресі» жалпыұлттық қозғалысының съезі өтті.

Онда Олжас Сүлейменов бірауыздан партия төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.  

Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды

Сондай-ақ ел аймақтарынан келген бастамашыл топтың мүшелері бағдарламалық құжаттар мен дамудың негізгі бағыттарын талқылады.

Съезге еліміздің әр өңірінен барлығы 1 500-ге жуық делегат келді.

Партия бағдарламасында экономика, экология, денсаулық мәселесі, сапалы білім беру бағыттары қамтылған. Олжас Сүлейменов бастаған белсенділер бар тәжірибе мен күш-қуатты азаматтық қоғамды біріктіруге бағыттайтындарын жеткізді.

Партия Жарғысының жобасы да бірауыздан мақұлданды.

Еске салайық, былтыр мамыр айында Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясы қайта құрылатыны туралы айтқан болатын.