Олжас Есқараев BRAVE CF-пен келісімшартқа отырды

Олжас Есқараев BRAVE CF-пен келісімшартқа отырды
Сурет: Кaz.vesti.kz

Жаңа белес.

Қазақ файтері Олжас Есқараев (10-4) BRAVE CF промоушенімен (Бахрейн) ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған келісімшарт төрт жекпе-жекке арналған. 30 жастағы файтердің бахрейндік промоушенмен келісімшартқа отыруына UNDERDOG Promotions үлкен әснр етті, сондай-ақ OCTAGON 22 BRAVE 53 бірлескен турнирінде Есқараевтың сәтті өнер көрсетуі де рөл атқарды.

Жуырда, 21 тамыз күні, отандасымыз Алматыда өткен турнирде бұрынғы BRAVE CF чемпионы, бразилиялық Лукас Мартинспен кездесті. Жекпе-жек екінші раундта Есқараевтың жеңісімен аяқталды.

Олжас Есқараев BRAVE CF-пен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық емес. Бұған дейін Нұржан Ақышев, Азат Мақсұм, Асу Алмабаев және Ильяр Асханов аталған промоушенмен келісімшарт жасасқан.