Оливейра Порьені жеңіп, UFC титулын қорғады

Оливейра Порьені жеңіп, UFC титулын қорғады
Cурет: Prosports.kz

Порье мансабында жетінші рет жеңіліске ұшырады

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында UFC 269 турнирінің басты шайқасы бразилиялық файтер Чарльз Оливейра (31-8) мен америкалық Дастин Порье (28-6) арасында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап. 

Оливейра өзінің жеңіл салмақтағы UFC чемпионы титулын бәске тікті. Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек бүкіл қашықтыққа созылмады, үшінші раундта Оливейраның жеңісімен аяқталды.Чарльз қылқындыру әдісін пайдаланды.

Осылайша, Чарльз ММА-да 32-ші жеңісіне қол жеткізіп, белбеуін сақтап қалды. Порье мансабында жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік Хабиб Нурмагомедов (29-0) осы дивизионда чемпион атағын иеленген.