Олимпиада үлкен тәжірибе болды

Олимпиада үлкен тәжірибе болды
Сурет: Оlympic.kz

Спорт - өнер!

Ұлттық Олимпиада комитетінің спорттық құзға өрмелеуден Токио Олимпиадасында сынға түскен Ришат Хайбуллин 11-ші орын иеленген болатын. Спортшының әкесі әрі жаттықтырушысы Ринат Хайбуллин ұлының алғашқы Олимпиададағы көрсеткішін қорытындылады,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Негізі, біз «жылдамдық» бойынша 1-2 орын иеленуді көздедік. Ришаттың бұған әлеуеті жететін еді. Ал финалда 5-7 орын аралығына енуді мақсат еттік. Алайда, жылдамдықтан соң төртінші орында қалдық та, қорытынды есепте 11-ші орынға сырғыдық. 

Қалай болса да, нәтиже көңілімізден шығады. Ришат аталған спорт түрінен алғаш рет Олимпиадаға қатысып, өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол Германия, Ресей, Қытай, Италия, Канада және Жапонияның мықты деген атлеттерін артта қалдырды. Мұндай жарыстағы тәжірибе өмір бойына қажет екені анық. Спортшы ретінде де, бапкер ретінде де өлшеусіз тәжірибе алдық. 

Спортшы ретіндегі Ришаттың артықшылығы – жарыс алдында тас-түйін дайын болуы және қателіксіз өнер көрсетуі. Ал кемшін тұсы ретінде тәжірибенің аздығы мен халықаралық жарыстарға көп қатыспағанын айтамын. Қарсыластарының тәжірибесі он жылдан асып кетеді, ал Ришат әлемдік аренада екі жылдан бері көзге түсіп жүр», - дейді Хайбуллин.