Әбиба алғашқы үштікке енді

Әбиба алғашқы үштікке  енді Сурет: olympic.kz

Олимпиадалық рейтингіде алғашқы үштікке Әбиба Әбужақынова енді


Дзюдодан Қазақстан әйелдер командасының үздігі Әбиба Әбужақынова олимпиадалық рейтингте үшінші, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды  аlmaty-akshamy.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.


48 келі салмақта сынға түсетін Абиба олимпиадалық рейтингіде 4 576 ұпаймен үшінші орында тұр. 


Бірінші орынға 5 945 ұпай жинаған Ассунта Скутто (Италия), екінші орынға 5 200 ұпаймен Нацуми Цунода орналасқан. 


Әлемдік рейтингте жерлесіміз 5184 ұпаймен төртінші орында. 


Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова биыл өзі қатысқан ресми турнирлердің бәрінде үздік үштікке енді. 


Португалияда өткен Гран-при турнирінде, Баку мен Антальядағы Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанса, Ташкенттегі Grand Slam-да күміске қол жеткізді. 


Әбиба Әбужақынова дзюдодан қазақ қыздары арасында әлем чемпионаты мен Grand Slam турнирлерінен жүлде алған алғашқы спортшы. Сондай-ақ, ол Азия чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17