Олимпиадаға Қытай атынан қатысқан қазақ қызы алғысын айтты

Олимпиадаға Қытай атынан қатысқан қазақ қызы алғысын айтты Сурет: Exk.kz

Ол Олимпиадаға конькимен жүгіру спортынан қатысуда.


Бейжің Олимпиадасында Қытай құрамы сапында өнер көрсетіп жатқан Ақнар Ардақ қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz cілтеме жасап. 



«Қолдап жатқандарыңызға алғыс айтамын. Бүгін жақсы сырғанап шықтым. Мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында дүниеге келдім. 11 жасымнан бастап коньки тебемін. Отбасым қазір теледидардан жарысымды көріп отыр. Қазақстаннан келген достарымның жақсы нәтижеге жетуіне тілектеспін», – деді ол өз үндеуінде. 



Конькиші Ақнар Ардақ – Шыңжаң өлкесінің тумасы. 2019 жылғы Қытай біріншілігінің 5000 метрлік жарысында алтын, 3000 метрде күміс медаль алған. Халықаралық жарыстарға да қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. 2016 жылы Қытайдың ұлттық құрамасына қабылданған.


Еске салайық, Бейжіңдегі XXIV Қысқы Олимпиада ойындарында Қытай атынан үш қандасымыз қатысуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07