Олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды

Олимпиада ойындарын 150 мыңға жуық жанкүйер тамашалайды
Сурет: интернеттен

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді.

«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің мәлімдеуінше, Олимпиада ойындарын тамашалауға 150 мыңға жуық көрермен барады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, жанкүйерлерге арналған орындардың жартысы оларға тиесілі екен. Көрермендер қатарына Қытайдың құрлықтық бөлігінде тұратын шетелдіктер, дипломатиялық миссиялар мүшелері мен маркетинг бойынша әріптестер, жергілікті тұрғындар, бастауыш және орта мектеп оқушылары кіреді.

Коронавирустың таралуының алдын алу және халықаралық спорт шарасының барлық қатысушыларының қауіпсізідігін қамтамасыз ету мақсатында «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті бұдан бұрын Олимпиаданың шетелдік жанкүйерлерсіз өтетіні туралы шешім қабылдаған болатын. Ұйымдастыру комитеті билеттерді сатылымнан алып тастап, олардың жергілікті жанкүйерлер арасында бөлінетінін хабарлаған еді. XXIV Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.