Олимпиада нешеде басталады?

Олимпиада нешеде басталады?
Сурет: Sportbox

Бүгін Токио қаласындағы Олимпиада ойындары салтанатты түрде ашылады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Олимпиада ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Әдеттегідей ашылу рәсімінен бұрын олимпиадашылар алғашқы іріктеу сындарын бастайды. Олардың қатарында Қазақстан спортшылары да бар.

Алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшылар академиялық есу және садақ атудан сынға түседі.