Ольга Рыпакова қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі

Ольга Рыпакова қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі
Сурет: Inbusiness.kz

Өз күштеріне сенуге шақырды.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz cілтеме жасап.

«Қысқы спорт өкілдері үшін тартысқа, эмоцияға толы кезең басталды. Оларға сәттілік тілеймін! Өздеріңе, өз күштеріңе сеніңдер! Сіздерге жанкүйер боламыз. Өзімнің барлық энергиям мен жақсы эмоциямды сіздерге бағыттаймын. Жарысқа үлкен сеніммен шығыңыздар, сол кезде бәрі де жақсы болады. Біз сіздерге сенеміз», - деді Рыпакова.  

Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты 4 ақпанда өтеді. Ал қазақстандық могулшылар жарысты бүгін бастайды.