Қолайлы, қауіпсіз орта – басты жетістік

Айнұр Сарбаева, «Алматыбасжоспар ҒЗИ» ЖШС директорының орынбасары:

Пандемия кезінде қала экологиясы, қоршаған орта әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Сол себептен қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен қаланы барынша жасыл-желекпен қамтамасыз етіп жатқанына куәміз. Қала бойынша жаяу жүруге арналған кеңістіктер көбейіп, саябақтар мен қоғамдық орындарға ерекше көңіл бөлінуде. Тұрғындардың абаттандырылған жап-жасыл скверлер мен аллеяларда серуендейтін мүмкіндіктері көбейе түсуде. Көше бойында орындықтар, жарық шамдары, велосипед пен самокаттарға арналған арнайы жолдар да қарастырылған. Алматылықтарды қолайлы, қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету – қала жетістігі болып табылады. Қалалық кеңістікте жаяу серуендейтін, велосипедпен жүретін немесе бос уақытын табиғатта өткізетін адамдар көбейген кезде қала тұрғындары жайлы өмір сүруде деп айта аламыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *