Оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері қандай?

Оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері қандай? Сурет: primeminister.kz

Мектепке кіру, оқу материалдарының қолжетімділігі мен асханада тамақтану.


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карталар іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні көрсетілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының мәліметінше, жүйе пилоттық режимде елордалық №95 мектеп-лицейінде енгізілген болатын. Мұнда картадан бөлек, биометриялық тану мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл дегеніміз – егер оқушы қандай да бір себеппен картасын ұмытып не жоғалтып алған жағдайда, ғимаратқа бет-жүзін тану құрылғысы арқылы кіре алады.



«Бір карта арқылы оқушы кітапханадағы оқу материалдарын алады, мектеп асханасында тамақ сатып алады, қалалық автобус қызметін пайдаланады», — деді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.



Карта мен биометрия мүмкіндіктері вице-премьерге көрсетілді. Атап өтейік, астаналық мектепте бастауыш сыныптарда білім алатын 900-ге жуық бала мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 36 оқушыға тегін тамақ қарастырылған. Ал карта қолдану жөніндегі мәліметтер тек ата-аналарға ғана қолжетімді болады.



«Цифрландыру біз үшін өте маңызды. Бұл жүйенің ашықтығын қамтып, оқушы мен ата-ана үшін ыңғайлы жағдай жасап қана қоймайды. Мұнда балалардың қауіпсіздігі мәселесі де бар», — деді Тамара Дүйсенова.



Сонымен қатар мұндай жүйелер пилоттық режимде Шымкент қаласында, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы мектептерде жұмыс істеп тұр. Оқу-ағарту министрлігі келер жылдан бастап технологияны өзге өңірлерде енгізуді жоспарлап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26