Өктем Алтаев Желтоқсан саябағында тал екті

Өктем Алтаев Желтоқсан саябағында тал екті

 «Ақ сәулем» әнімен тыңдарманның жүрегін жаулаған танымал әнші Өктем Алтаев Алматыдағы жалпықалалық сенбілікке үлес қосты. Желтоқсан саябағында қолына күрек ұстап, тал екті. Тазалық акциясын мерекеге балаған әнші көңіл-күйінің жоғары екенін айтады.  



«Қолға күрек ұстаған кезде, бойда қан тарап, атқа мінген қазақ құсап делебең қозады. Қаланың тазалығына, жасыл желектің көбеюіне, ағаштардың жапырақ жаюына үлес қосып, тал егіп жатқан жайымыз бар. Қазақ «Бір тал кессең, он тал ек» деп айтады ғой, бүгін халықпен бірге тал егіп жатқаныма қуаныштымын», - деді Ө.Алтаев.



Айта кетейік, биылғы акцияны қала әкімдігінің қолдауымен «Posadiderevo.kz» РҚБ, ECONETWORK, Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы, «Спорттық туристер достастығы» ҚҰ, «Greenup.kz» ҚҚ қоғамдық ұйымдары ұйымдастырған. Акция барысында 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0