ОЙЫ СЕРГЕК, ҚАЛАМЫ ЖҮЙРІК ҚЫЗЫМЫЗ

Биылғы Жаңа жылдың басы «Ақшамдықтар» үшін тоймен басталуда. Қазақтың салтымен көркіне мінезі сай Балнұр есімді әріптесімізді ұзатқалы жатырмыз. Өз мамандығына адал, ойы сергек, қаламы жүйрік қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болып, өзге елде қадірі арта берсін! Көпбалалы ана атанып, гүлдей берсін дей отырып:
Екі тағдыр бір арнаға
қосылып,
Өмір-өзен аға берсін
жосылып.
Сала-сала тармақтарың
көп болсын,
Кеше ғана басын қосқан
қос үміт! –
деген өлең жолдарын арнаймыз.
Сондай-ақ, «Алматы ақшамы» газетінің ұжымы Олжас пен Балнұрға «Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын, бақытты болыңдар!» деген тілек айтамыз!
Сендердің ақ отауларыңның іргесі берік, шаңырағы биік болсын, түтіні түзу шықсын! Бүгінгі той алда болатын көптеген қызық-қуаныштың басы болуға жазсын!
Өздеріңе ақ жол тілеп, Алла жар болсын дейміз!
«АҚШАМДЫҚТАР».