Облыстардың ашылуы – ел дамуының кепілі

Облыстардың ашылуы – ел дамуының кепілі
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында бірқатар маңызды мәселені ортаға салғаны көпшіліктің көкейінен шықты. Әсіресе, көптен бері көкейде жүрген, бір кездері жабылып қалған облыстарды Мемлекет басшысы қайта ашу туралы айтқаны жүрекжарды жаңалық болды.

Қазақстан Парламентінің бірлескен отырысындағы Жолдауда көтерілген жайттарды жұртшылық қызу қолдап, бірауыздан қуаттағаны байқалады.  Жаңа дәуірде Жаңа Қазақстан құру бастамасы мына мәселелерден көрініс тапты.

Айталық, орталығы Семей қаласы болатын Абай облысы, орталығы Жезқазған шаһары болатын Ұлытау облысы, орталығы Талдықорған қаласы болатын Жетісу облысы мен орталығы Қапшағай қаласы атанған Алматы облысы барша жұртқа құт-береке әкелсін деп тілейік. Болашақта Қапшағай шаһарының атауы Қонаевқа ауысатындығы Президент Жолдауында айқын көрініс тапты.

Ендігі бір көкейтесті мәселе, бұрын жабылып қалған кей аудандарды қайта қалпына келтіруге басшылық тарапынан назар аударылса. Айталық, бір кездері облыс бойынша шекаралық аудандарды қайта ашу туралы шешім қабылданса тіпті орынды болар еді.

Бұл күнгі Жолдауда ел дамуына қатысты жұртшылық күткен бірқатар жәйттер ортаға салынды. Солардың қатарында жоғарыда айтылған, жаңадан бой көтерген облыстардың ашылуы Қазақстан жұртшылығы тарапынан қызу қолдау тауып, болашақта ел дамуына, Жаңа Қазақстанның өркен жаюына зор септігін тигізеді деп үміттенеміз.