Қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев қайтыс болды

Қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев қайтыс болды
Cурет: Baq.kz

Қоғам және мемлекет қайраткері Кеңес Аухадиев қайтыс болды. Қаралы хабар туралы журналист, жазушы  Серік Үмбетов жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Аухадиев Кеңес Мұстаханұлы Кербұлақ ауданы Сарыөзек станциясы 1938 жылы туған. Қоғам және мемлекет кайраткері.

1957  жылы Сарыөзек орта мектебін бітірген соң Талдықорған ауыл шаруашлығы техникумында, Қазақ ауыл шаруашлығы институтында оқыған. 

1960 жылы Панфилов ауданы Ленин  колхозында трактор-егіс бригадасының жетекшісі ретінде еңбек жолын бастады. 

1962 жылы Панфилов ауданы комсо­мол комитетінің 1-хатшылығына сайланды. 1966-1975 жылдары аралығында Қазақстанның ЛКЖО аппаратында, Алматы облысыс комсомол комитетінде, т.б. республикалық жастар ұйымдарында лауазымды қызметтер атқарды. 1971-1975 жылдары Совет ауданы партия комитетін (Алматы қаласы), Ал­маты калалық атқару комитетін басқарды. 

Кейін Алматы облыстық партия комитетінің 1-хатшысы (1978-85) болды. 1985 жылдан республикалық "Главриссовхозстрой" жүйесінде жұмыс істеді. 1975-78 жылдары Қазақстан  КП облыстық комитетінде 1-хатшы, 1985 жылдан су шаруашылығы министрлігінде жұмыс істеген.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.