Оқушылар қашықтан қатысып жатыр

Алматы қалалық Білім басқармасының құзырындағы  Оқушылар сарайының жұмысы қазіргі індет жағдайында да бір сәтке тоқтамай, жалғасып жатыр. Әсіресе, карантиндік шектеу шараларын жас балалар түсіне бермейді. Сондықтан ата-аналар балаларының  бос уақытын текке өткізбей,олардың пайдалы іспен шұғылдануы  үшін үйірмелерге үміт артып отыр. Осы ретте, аталмыш мекемеге үлкен жауапкершілік пен зор міндет жүктелгені анық.  Дәл қазір  Оқушылар сарайы өз жұмысын қашықтан жалғастырып, мұндағы үйірмелердің барлығы  қызу іске кіріскен.Былтырдан бері өз жұмысын қашықтан жалғастырып жатқан мекеме осынау уақыт ішінде кәдімгідей тәжірибе жинақтап қалған.

Тау етегінде орналасқан мекеменің қазіргі тақырыбы-ару көктемге байланысты өрбіп жатыр. Мәселен,   Туристік-өлкетану бөлімінің географ-өлкетанушылар бірлестігінің педагогы А.К. Лапиева қашықтықтан «Көрісу күні» тақырыбында тәрбиелік мәні зор кеш өткізді. Қазақ халқының озық дәстүрі тұрғысында кеңінен мәлімет беріп, оның тарихымен таныстырды.

Қаламыздың жас тұрғындары саяхаттағанды өте жақсы көреді. Алматының маңайының табиғаты тамылжып тұр. Сондықтан олар»Жас туристер» үйірмесіне белсене қатысып, қаланы терең тануға өз қызығушылықтарын білдіріп  жатады.  Бірлестігінің  педагогы Қуаныш  Күренкеевтің «Көк-Жайлау асуы» тақырыбындағы сабағының да берері мол болғаны осыған дәлел болса керек.
Бірлестік жетекшісінің Көк-Жайлау асуы  және оған апаратын маршрут жайындағы ақпараттармен қоса,   қоғамда кеңінен талқыға түскен   табиғи мекенге қатысты    деректерге де  балалар өз тарапынан  пікір білдіріп, үн қосты.

Сонымен қатар, Туристік-өлкетану бөліміне қарасты  «Жаяу жүру туризмі»үйрмесінің жұмысы да қашықтан жалғасып жатыр.  Бірлестіктің жұмысын жүйелі жүргізіп отырған  педагог Күлзия Тұрғамбаева  өз оқушыларымен бірге  «Тарих-халық қазынасы» тақырыбында онлайн экскурсияс ұйымдастырды.

Экскурсия барысында, оқушылар қаладағы бірнеше  мұражайлардың ішін қашықта отырып-ақ аралап көрді. Ертеңгі ел болашақтары өз ұлтының құндылығы  біліп өсіп, олардың бойында  Отансүйгіштік қасиет қазірден бастап қалыптасуы керек. Тарихтың мұражайдан бастау алатыны туралы айтқан әңгімесі оқушыларды ерекше әсерге бөледі.Педагог осылайша тарихты насихаттаудағы  маңызды ролі  туралы кеңінен  түсінік қалыптастырды.

«Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған қасиетті жер — біздің басты байлығымыз» тақырыбындағы Балалар джаз музыкалық мектебінің  флейта сыныбының  жетекшісі Нина  Доронинаның ұйтқы болуымен өткен музыкалық байқау да шектеу шараларына қарамастан балалардың бірнеше жаңа шығармалар  үйренгенін көрсетті.

Көктемнің шуақты күнінде «Экологиялық-биологиялық бөлім» бірлестігі «Наурыз дастарханына шақырамыз» атты әлем халықтары тағамдарының  көрмесін өткізді.   Аталмыш көрме  мекемеде өткізіліп жатқан «Ас адамның арқауы», «Ұлттық тағамдар күні» іс шараларымен тұспа- тұс келді.  Жалпы, Оқушылар сарайындағы үйірмелерге қатысатын  балалар арасында бірнеше ұлт  өкілдері бар. Әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшеліктері болады. Бұл, әрине, тіл, әдет-ғұрып, салт- дәстүр, киім-кешек, әшекейлік бұйымдары мен ұлттық тағамдардан байқалады.
Қашықтан өткен көрме барысында балалар  аспаздық тұрғыдағы  роликтерін жіберген. Олар ұлттық тағамдармен қатар, әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін де ұсынды.  Көктемгі көңіл-күй сыйлаған көрмеде балалар  ата-аналарымен бірге түрлі тағамдар дайындап, өз ұлтының қонақжайлылығын көрсете білді.

Рая Ескендір

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close