Қоғамдық көліктер тазалығы – басты назарда

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 2021 жылғы 15 ақпандағы жағдай бойынша Алматы қаласы «жасыл» аймақта орналасқан.

Алайда, қаланың «сары» аймаққа жақын орналасуы эпидемиялық жағдайдың тұрақсыздығын көрсетеді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруды талап етеді.
Пандемия басталғаннан бері Алматыда COVID-19 жұқтырудың 23 638 жағдайы тіркелді. 21 897 адам сауықты. Қала стационарларында 697 адам емделуде, оның 15-і аса ауыр жағдайда, 10 -і ауыр жағдайда, 581 адамның жағдайы орташа ауыр. 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында.
Ауырғандардың жас құрамы (ақпанның екі аптасындағы талдауға сәйкес): 38,1%-ы – 20-39 жас, 25,9%-ы – 40-59 жас, 20,5%-ы – 60 жас және одан жоғары.
Жұқтыру орындары (ақпанның бір аптасындағы талдауға сәйкес): 43,7%-ы – қоғамдық орындардан, 20,6%-ы – қоғамдық көліктен.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін күн сайын соңғы аялдамаларда бір күннің ішінде автобус салондарын дезинфекциялау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Қаланың метрополитенінде дезинфекциялау режимі күшейтілді. Станцияларда әрбір үш сағат сайын және тәулігіне кемінде екі рет дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалды тазалық жұмыстарыжүргізіледі.
Дегенмен, бәріміз бірдей санитарлық тазалықты ұстанып, ереже-талаптарға бағынғанымыз абзал. Алматы қаласының әкімдігі мегаполис тұрғындары мен қонақтарын эпидемияға қарсы іс-шараларды, атап айтқанда, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтауды күшейтуге, сондай-ақ мүмкіндігінше жабық орындарға (ғимараттарға) барудан және онда ұзақ уақыт болудан бас тартуға шақырады. COVID-19 науқастарымен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. Зейнеткерлер мүмкіндігінше аса қажеттілік туындамаса үйден шықпағаны дұрыс.

Нұржамал ӘЛІШЕВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *