Қоғамдық қабылдауда азаматтардың өтініштері тыңдалды

Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауларында тұрғындарды қабылдау
2020 жылдың наурыз айынан бастап онлайн-режимде жүзеге асырылуда. Азаматтарға көмек көрсету — нұротандықтардың басты назарында. Өткен жылы 35 мыңнан астам өтініш қабылданды. Ең көп өтініш Алатау, Жетісу және Әуезов аудандарының тұрғындарынан қабылданды.

Биылғы жылы қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының азаматтарды қабылдауы қайта басталды. 13 қаңтардан бастап Nur Otan қоғамдық қабылдауларының жұмысына Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ләйлә Иманғалиева, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Айдар Беркімбаев, Туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов қатысты.

Өтініш беру барысында алматылықтар «Forumplus» және «Тау Хаус» ТК техникалық қолайсыздығына наразылық білдірді. Көкқайнар мен Рахат шағын аудандарының тұрғындары су желілерінің жоқтығына және электрмен жабдықтау сапасының төмендігіне шағымданды. Ұқсас мәселелер Жетісу ауданының Павлодарская көшесі мен Наурызбай ауданындағы Таусамалы шағын ауданында да бар. Медеу ауданының тұрғындары «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-нің әрекетсіздігін атап өтті.

Жедел түрде тұрақты тіркеуінің болмауына байланысты тиісті медициналық тексеруден өте алмаған жалғызбасты 70 жастағы А.Қошмағанбетоваға көмек көрсетілді. Зейнеткер №2 қалалық емханаға тіркелді.

Сондай-ақ, өтініш берушілер медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібін және зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану мәселелелерін түсіндіруді сұрады. Барлығы жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелер басшыларымен 25 өтініш қарастырылып, түсініктеме берілді.

Қоғамдық қабылдауға мына телефондар арқылы жазылуға болады:
8 (727) 279 78 00,
8 777 640 78 52,
8 747 106 79 68.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *