«Оңай» картасы бар азаматтарға жол ақысы – 80 теңге күйінде қала бермек

%d0%be%d0%bd%d0%b0%d0%b9

Мәншүк БЕКБОСЫН

«Алдағы уақытта Алматыда қоғамдық көліктің бағасы тағы көтерілуі мүмкін бе?» деген сұрақпен редакция­мызға қоңырау соғып, мәселенің анық-қаны­ғын біліп беруімізді өтінген оқырмандары­мыз жиілей түсті. Бұған себеп те жоқ емес.

Жақында бұқаралық ақпарат құрал­дары арқылы мегаполистегі жолаушы тасымалымен айналысатын мекеме басшыларының жолақы құнын 149 теңгеге көтеру керектігін айтып (қазіргі бағасы – 80 теңге) өз есептеулерін ұсын­ғаны туралы хабар тараған еді. Жолақы құнының қайта қаралуын талап етіп отырған жолаушы тасыма­лына жауапты мекеме өкілдерінің  уәждеріне сенсек, бүгінде қосалқы бөл­шектердің құны өсіп, жанармай бағасы да біршама көтерілген. Жолау­шы тасыма­лының тиімділігі төмендеуіне байланысты қазір автобус­тарды жөндеу мен қосалқы бөлшектерді алу да азайтылыпты. Бұл өз кезегінде қоғам­дық көліктің қауіпсіздігі мен жұмыс сапасына кері әсер етері анық. Оның үстіне  жұмысшыларға жалақыны өсіру­ге мүмкіндік болмай отырған көрінеді. Бұл – бір.

Екіншіден, Алматыда қоғамдық көліктерде жол жүру үшін сараланған тарифтің енгізілуі мүмкін деген әңгіменің тарағанына да біраз уақыт болды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бас­қармасының бас­шысы Мақсұт Исахов­тың айтуынша, маусым айында өтетін мәслихат сессия­сы­ның кезекті отыры­сында аталған басқарма жол жүру құны­на сараланған тарифті енгізу туралы ұсыныс тастамақ екен. Бұл ретте «Оңай» картасы бар азаматтарға алаңдаудың еш қажеті жоқ. Олар үшін жол ақысы сол баяғыша 80 теңге болып қала бер­мек. Ал қолма-қол ақша төлейтіндер үшін билет құны 150 теңгеге дейін өсетіні көзделген.  Бұл – тұрғын­дардың «Оңай» картасын көптеп қол­дануына да өз септігін тигізбек.

– Жаңа тарифтің нақ қашан енгізі­летіні әзірге белгісіз. Ол үшін құжат толық мақұлданып, өзгертулер мен толықтыру­ларды жергілікті мәслихат бекіткен соң белгілі болады, – дейді Жолаушылар көлі­гі және автомобиль жолдары басқар­ма­сының басшысы Мақсұт Исахов.

Әлбетте, жолақы құнын қайта қа­рауда кәсіпорындардың ұсынған баға­сының әрбір теңгесі нақты есепке не­гізделіп,  шикі шешім қабылдан­баға­ны абзал.  Өйткені, бағаның көтерілуі қара­пайым халықтың қалтасына салмақ түсіретіні анық. Сондықтан бұл мәсе­ленің  әлеу­меттік жағын да ұмытпаған жөн.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *