Нұржан Әкішев OCTAGON 26 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтаспақ

Нұржан Әкішев OCTAGON 26 турнирінің басты жекпе-жегінде жұдырықтаспақ
Сурет: Рrosports.kz

Қызу кездесу болмақ

Қазақстандық файтер Нұржан Әкішев (11-3) келесі жекпе-жегін OCTAGON 26 турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

28 жастағы спортшы OCTAGON лигасы мен ресейлік MMA Series промоушенінің біріккен турнирінде жекпе-жекке шығады.

Оның қарсыласы ресейлік Константин Чередников (11-9) болмақ.

Кештің тағы бір жекпе-жегінде Азат Мақсұм  (13-0) қырғыз спортшысы Азирет Жумабек Уулумен (7-1) қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ, OCTAGON 26 турнирінде Мәжит Сардаров, Мират Бекішев, Досбол Елеген және Магомед Магомедов секілді спортшылар жекпе-жек өткізеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от OCTAGON (@octagonleague)